TikTok videos hashtag #көмек

550.2K
 

Қара бетперде киген жұмбақ жігіт әйелі қатерлі ісікке шалдыққан ер адамға көмектескен Қара бетперде киген жұмбақ жігіт осы жолы кәмелетке толмаған 3 баланың әкесіне көмектесті. Оның әйелі жатыр мойны қатерлі ісігіне шалдыққан (4-стадия). Ал өзінің сол жақ көзіне ақ шел түскен. Бұл отбасы газ жүргізілмеген және ыстық суы жоқ жалдамалы үйде тұрады. «Балаларды мектептен алып келе жатыр едім. Жүріңіз, үйге кірейік. Өзімнің бір көзім дұрыс көрмейді. Әйелімде қатерлі ісіктің 4-ші стадиясы дейді. Онкологиялық қатерлі ісік. Осы жалдамалы үйде тұрып жатырмыз. Тамағын пісіремін, кірін жуамын, балаларды қарсы аламын. Тек жолдасым жазылып кетсе екен деймін. Жұмыс жасағым келеді. Бірақ қалай жасаймын. Ана жақта үш балам отыр, мына жерде әйелім ауырып жатыр», – дейді видеода ер адам. Бұл отбасыға қара бетперде киген жігіт қаржылай көмектесті. «Рұқсат болса, сіздерге конверт алып келіп едік. Соны ашып қарайсыз ба?! Жолға дайындалсаңыз болады. Бұл қаражатпен өзіңізге ота жасайсыз және әйеліңіз ем алады», – дейді қара бетперде киген жігіт. Мұны естіген ер адам көз жасына ерік берді. «Жыламай, өзімді 2 жыл бойы ұстап жүр едім», – деп көз жасына ерік берді ол.  Еске салайық, бұған дейін қара бетперде киген жұмбақ жігіт бес баласы бар мүгедек әкені қуантып, көлік пен үй алып бергені хабарланған еді. Сондай-ақ, кейінірек ол эксклюзивті сұхбат берген. #қазақстан #қоғам #көмек #отбасы #жаңалықтар #жаңалықтар2023

2.2K
 

Жолда қалған жаман!#көмек @Nurbrand

630.0
 

#747 028 Елу тоғыз Нөл бір #Көмек #Көмек