TikTok videos song original sound - jj.kz

6.2K
 
original sound - jj.kz

Ұрпағын жатқа берген ұлтқа айналдық «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасы ұлттық жан жарамыздың бетін ашып, көзге ілгіміз келе бермейтін ащы шындықты іні-қарындастарымыздың үнімен жеткізіп келеді. Қанымыз таза, текті, бауырмал, намысшыл халықпыз деген даңқымыздан айырылып, даңғаза дақпырт қана қалғаны ма? Қазақ балаларын шетел азаматтары шекара асырып асырап алып жатқаны қазақтың рухани құлдырағанының белгісі ме? Неліктен қазақтың қыз-келіншектері құрсаққа сыйған баласын құшағына сыйдыра алмай қоқысқа тастайды? Бұл сұрақтардың жауабын «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасынан бізбен бірге біліңіз. Арнамыздан алыстамаңыз!